Спорт Министрі | C. Мұсаханов: Жәнібек нокаутпен жеңеді
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

C. Мұсаханов: Жәнібек нокаутпен жеңеді

Жәнібек жекпе-жекті уақытынан бұрын аяқтайды. Тіпті, жетінші раундқа жеткізбеуі де мүмкін. Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешіне қатысты мамандар осындай пікір білдірді.

Айта кетейік, бірер күннен кейін бұнда қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен франциялық Анаэль Нгамиссинге кездеседі. Жекпе-жек кешінде WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтар сарапқа салынады. Яғни, Жәнібек өз титулдарын қорғауы қажет.

Еске сала кетейік, жерлесіміз  кәсіпқой рингте бұған дейін 16 жекпе-жек өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал, қарсыласы Анаэлдің көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Оның 9-ын нокаутпен ұтты. Қазір қос боксшы да Астанада. Олар елордадағы сауда орталықтарының бірінде ашық форматтағы жаттығу өткізді. Енді алда баспасөз мәслихаты және салмақ өлшеу рәсімі бар. Ал, бокс кешінің өзі 5-ші сәуірде болады.

«Әрине, барлығы қос боксшының дайындығына байланысты. Десе де, Жәнібектің деңгейі әлдеқайда жоғары. Сондықтан, жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталуы мүмкін. Тіпті, 6-7-ші раундқа жеткізбей қарсыласын нокаутқа жібереді деп ойлаймын. Бірақ, 12 раундқа да дайын болуы керек. Ең бастысы қазақстандық жанкүйерлер кәсіпқой бокс кешін көріп, керемет әсер алып қайтады деп үміттенемін» — деді бокстан еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысыСағатбек Мұсаханов.

Басқа жаңалықтар

Back to top button