Спорт Министрі | Азия чемпионаты: Әлімхан Сыздықов екінші рет күміс жүлдегер атанды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Азия чемпионаты: Әлімхан Сыздықов екінші рет күміс жүлдегер атанды

Грек-рим күресінен ауыр салмақтағы (130 кг) отандасымыз Әлімхан Сыздықов Иордания астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды sportm.kz.
Жарыстың алғашқы күні грек-рим күресінен 5 салмақ дәрежесінде белдесулер болды. Оның үшеуінде қазақ палуандары жүлдеге ілікті. Атап айтқанда, 77 келіде Ибрагим Магомадов және 87 келіде Шәміл Ожаев қола жүлдегер атанды. Ал, аса ауыр салмақта Әлімхан Сыздықов финалға дейін жетіп, ақтық айқаста ирандық Фардин Шабан Хедайатиден 0:7 есебін жеңілді. Сәйкесінше, күміс жүлдеге қол созды.

Айта кетейік, Әлімхан осыған дейін 2021 жылы Алматыдағы Азия чемпионатында күміс алса, 2022 жылы Ұлан-Батырда чемпион атанған. Сондай-ақ ол 2023 жылы Астанада 3-орыннан көрінді.

Бүгін грек-рим күресі бойынша қалған 5 салмақтағы медальдар сарапқа салынады. Одан кейін әйелдер күресі және еркін күрес бойынша сындар болады. Амман қаласындағы Азия чемпионаты 30-наурызға дейін жалғасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button