
Бұл жөнінде adata.kz сайтына сілтеме жасап, «Дядя Ваня» телеграмм арнасы мәлімдеді.
Ол жерде Алматық қаласы Спорт басқармасы үлкен көлемде қаржыландыратын бағыттар тізімі жасалған. Алдыңғы үштікке осы «Қайрат» футбол клубы да кіреді. Қысқасы, алматылық клуб былтыр қала бюджетінен 720 млн тг алды. Ресми құжатта бұл қаржы балалар, жасөспірімдер, жастар және кәсіпқой футбол командалардың Қазақстан чемпионаттарына қатысуына жұмсалады делінген.