Спорт Министрі | Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Жәнібек Әлімханұлы Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырды

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBO және IBF титулдарының иегері Жәнібек Әлімханұлы, бокстағы ірі инвестор әрі Riyadh Season бокс шоуының ұйымдастырушысы Турки әл аш-Шейхке арнайы өтініш білдірді, деп хабарлайды sportm.kz.

Канелоның» қарсыласы кім екенін білмеймін, бірақ мен екі титулдың иесімін. Ол менімен жұдырықтасудан неге қашады? Турки, маған «Канелоны» беріңіз, сонда нағыз боксты көріп таң қаласыз, — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы «Қазақ стилі» парақшасында.

Сауль «Канело» Альварес 3 мамыр күні Эр-Риядта өтетін әл аш-Шейхтің бокс шоуында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы кубалық Вильям Скулл болады. Ал Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуірде Астанада француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен (14-0, 9 КО) кездеседі.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button