Спорт Министрі | Данияр Елесусінов шаршы алаңға шықпайды
КӘСІПҚОЙ БОКСТРЕНДТЕ

Данияр Елесусінов шаршы алаңға шықпайды

Бүгін, яғни, 28-ші ақпан күні Астанада All stars boxing проуметрлік компаниясының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Оның басты жекпе-жегінде қазақстандық Данияр Елесусінов өнер көрсетуі керек еді.

Бұл жаңалық бірнеше ай бұрын ресми жарияланып, жарнама тақташалары мен билеттер сатылымында Даниярдың есімі болды. Бірақ, жекпе-жек кешіне екі-үш күн қалғанда промоутерлік компания Даниярдың денсаулығына байланысты турнирге қатыспайтынын мәлімдеді. Бірақ, жекпе-жек кешінің өзі өтеді және оған көпшілікке аса танымал емес басқа боксшылар қатысады.

Айта кетейік, Данияр соңғы рет былтыр қыркүйек айында жұдырықтасты. Алматы қаласында филиппиндік Джо Нойнайды нокаутпен жеңген болатын. Жерлесіміз жалпы алғанда бүгінге дейін кәсіпқой рингте 12 кездесу өтізіп, 12-сінде де жеңіске жетті. Оның 7-еуін уақытынан бұрын аяқтады. Осының арқасында BoxRec рейтингінде алдыңғы 15 боксшының қатарында тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button