
Бүгін Болгариядағы «Странджа» турнирі басталды, деп хабарлайды sportm.kz.
Төрехан Сабырхан мен Серік Теміржанов өзбекстандық Олимпиада чемпиондарымен кездесуі керек болған. Алайда boxinguzbekistan_official хабарлағандай, өзбек боксшыларының екеуі де жекпе-жекке шықпайды.
Бірінші күнгі жекпе-жектер тізімінде Олимпиада чемпионы Абдумәлік Халоқовтың кездесуі бар еді. Алайда оның кәсіби жекпе-жегінің уақыты ертерек өзгертілгендіктен, Испанияға ұшып кететін болды. Демек ол бүгін “Strandja” турнирінде рингке шыға алмайды. Тағы бір чемпионымыз Асадхожа Муйдинхожаев те бүгін Болгарияда жекпе-жек өткізуі керек еді. Бірақ ол турнир алдында алған жарақатынан толық айықпағандықтан, кездесуге қатыса алмайды, — делінген хабарламада.
Жекпе-жек 17:00 де басталады.