
Жәнібек Әлімханұлы 5 сәуір күні Астана қаласында Франция елінің боксшысы Анаэль Нгамиссингемен кездеседі, деп хабарлайды sportm.kz.
Жерлесіміз қазір америкадан арнайы бапкерлерін алдырды және біртіндеп жаттығу жұмыстарына кірісті. Алдағы 2 аптадай уақыт жалпы физикалық дайындықты пысықтамақ. Одан кейін жауынгерлік дайындыққа көшеді. Қазақстандық боксшы Астанадағы жекпе-жек кешінде WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы чемпиондық атақтарына қорғауы қажет.Жалпы алғанда Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой рингте 16 кездесу өткізіп, 16-сында да жеңіске жетті. Оның 11-ін уақытынан бұрын аяқтады. Ал, қарсыласы Анаэлдің көрсеткіші 14 жекпе-жек, 14 жеңіс. Оның 9-ын нокаутпен ұтты.