ТЕННИС

Елена Рыбакина ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Дубай қаласындағы WTA 1000 санатындағы турнирге қатысып жатыр.

Ол жарыстың үшінші айналымында испаниялық Паула Бадосамен жолықты. Айта кетейік, Рыбакина қазір әлемдік рейтингте 7-ші, ал, Бадоса 10-шы сатыда тұр. Сәйкесінше матч аса тартысты өтті және шамамен 3 сағатқа созылды. Нәтижесінде  Елена Рыбакина 4:6 7:6, 7:6 есебімен жеңіске жетті.

Енді ол әлемнің 56-шы ракеткасы америкалық София Кенинмен кездеседі. София үшінші айналымда аталмыш турнирдің алдыңғы чемпионы және әлемдік рейтингте төртінші тұрған италиялық Ясмин Паолиниді жеңіп, көпшілікті тәнті етті.

Біріккен Араб Әмірліктеріндегі теннис турнирі 23-ші ақпанға дейін жалғасады. Ал, оның жалпы жүлде қоры 3 миллион 600 мың АҚШ долларын құрайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button