Спорт Министрі | Бақыт Сәрсекбаев резерв дайындығына кірісті
БОКСТРЕНДТЕ

Бақыт Сәрсекбаев резерв дайындығына кірісті

Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев Қазақстан бокс федерациясы басшылығының шақыруымен елге оралып, бапкерлік қызметті қолға алған болатын.

Ол алдымен жас боксшылардан ұлттық құрама жасақтап, одан кейін алдағы құрлықтық және әлемдік аламандарға дайындауды жоспарлап отыр. Осы мақсатта Талдықорған қаласында 22 жасқа дейінгі былғары қолғап шеберлері арасында Қазақстан чемпионаты ұйымдастырылды. Оған 230-дан аса қатысушы жиналып, 13 салмақта өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, Диас Берікбай, Мадияр Бексұлтанов, Бақтияр Анарабаев, Абылай Сман, Саят Әшімов, Азатбек Жолдасхан сияқты жігіттер топ жарды. Алтын және күміс жеңіп алған боксшылар құрамаға алынады. Бұған қоса, қола жүлдегерлерге қосымша мүмкіндік берілмек. Арнайы іріктеуден өткен боксшылар енді Бақыт Сәрсекбаев жетекшілігімен бірнеше жаттығу жиынын өткізеді. Одан кейін жазда жастар арасындағы Азия чемпионатына қатысады.

Спорт Министрі | Бақыт Сәрсекбаев резерв дайындығына кірісті
Спорт Министрі | Бақыт Сәрсекбаев резерв дайындығына кірісті

 «Қазақстанның әр өңірінен мықты боксшылар жиналды. Олардан ұлттық құрама жасақтадық. Ендігі мақсат — алдағы Азия чемпионатында жақсы өнер көрсетіп, жеңіс тұғырына көтерілу. Осы жастар арасынан қазіргі ересек құрамаға лайықты ізбазарлар шығаруға тырысамыз» — дейді Бақыт Сәрсекбаев.

Басқа жаңалықтар

Back to top button