Спорт Министрі | ҚХЛ:
ХОККЕЙ

ҚХЛ: «Барыс» ресейлік командадан жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық команда бұл жолы өз алаңында Магнитогорск қаласының «Металлург» клубын қабылдаған болатын.

Есепті «Барыс» сапындағы Михаил Рахманов ашты. Бірақ, басымдықты ұзақ ұстай алмады. Қонақтар ойын соңына дейін қарымта 3 шайба соғып, қорытынды нәтижені 1:3-ке жеткізді. Айта кету керек, «Барыс» осымен 6-шы матч қатарынан жеңіліп тұр. Сәйкесінше, турнир тізіміндегі жағдайы да нашарлады. Астанадалық клуб қазір Шығыс Конференциясының ең соңғы сатысына жайғасты және плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

Айта кету керек, соңғы кезде елордалық клубта үлкен өзгеріс болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы тапжылмай отырған бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне тағы бір қазақ маманы Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, мұз айдынға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр.

Соның арқасында негізі «Барыс» хоккейшілерінен құралатын ұлттық құрамамыз жуырда ғана Харбинде өткен Қысқы Азия Ойындарында барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жеңімпаз атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button