Спорт Министрі | Руслан Мәдиев чемпиондық белдігін қорғады
БОКСТРЕНДТЕ

Руслан Мәдиев чемпиондық белдігін қорғады

Таиландтың Бангкок қаласында қазақстандық жігіттердің қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтті.

Ең басты жекпе-жек жерлесіміз Руслан Мәдиев пен филиппиндік Али Канега арасында болды. Қос мықты жартылай орта салмақта WBA Asia чепмпиондық белдігін сарапқа салады. Кездесу 10 раундқа созылды және нәтижесінде төрешілер шешімімен Руслан жеңімпаз атанды. Осылайша Руслан Мәдиев өзінің чемпиондық белдігін қорғап қалды. Айта кетейік, бұл қавзақстандық боксшының кәсіпқой рингтегі 19-шы кездесуі. Оның 17-сінде жеңіске жетіп отыр.

Русланнан бөлек кәсіпқой бокс кешінде «ИРФИН» промоутерлік компаниясыны қанаты астындағы басқа да боксшыларымыз, атап айтқанда, Армат Арманұлы, Нұрдос Төлебай және Елшат Нығметулла жекпе-жек өткізіп, олар да қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты.

Басқа жаңалықтар

Back to top button