Спорт Министрі | Бақтияр Артаевқа Вел Баркер Кубогы қайтарылды
БОКС

Бақтияр Артаевқа Вел Баркер Кубогы қайтарылды

Бұл тек олимпиада чемпионы үшін емес, жалпы қазақ елі үшін қуаншыты жаңалық.

Өйткені, бокс жанкүйерлері дәл осы сәтті ұзақ күтті. Бақтияр Артаев 2021 жылы Сербиядағы әлем чемпионатында осы жүлдені Халықаралық бокс федерациясының музейіне табыстаған болатын. Сол кезде сапалы дубликаты жасалып, өзіне қайтарылатыны айтылды. Міне, сол уәде араға ұзақ уақыт салып орындалды. Әсіресе, Қазақстан бокс федерациясы оны елге қайтару үшін нақты қадамдар жасаған болатын. Нәтижесінде Қазақстан бокс федерациясының президенті Шахмұрат Мүтәліп оны ресми түрде өз қолымен Бақтияр Атбаевқа табыстады.

Айта кетейік, Вэл Баркер Кубогы — Олимпиада Ойындарындағы үздік боксшыға берілетін қайталанбас жүлде. 2004 жылы Афинадағы жазғы ойындарда чемпион атанған Бақтияр Артаев жарыстың үздік былғары қолғап шебері деп танылды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button