Спорт Министрі |
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕФУТБОЛ

«Қайсар» легионерлерді еліне қайтарды

Қызылордалық клуб енді қазақ балаларынан команда жасақтап, жергілікті жігіттердің шеберлік шыңдауына басымдық бермек.

Бұндай мәлімдемені бірер күн бұрын облыстық спорт басқармасының басшысы Бахтияр Артаев жасаған еді. Енді  «Қайсар» клубының жаңадан тағайындалған басшысы Талғат Әбдіғаппарұлы оны ресми растады. Оның айтуынша, жергілікті ойыншылармен де жоғарғы лигада қалуға болады. Сол мақсатта жігіттер жасыл алаңда барын да, жанын да салмақ дейді жас маман.

«Өңір басшысының қойған талаптары бар. Оған сәйкес жергілікті өрендерді тәрбиелеу керекпіз. Олар «Қайсар» сапында Қазақстан чемпионатының Жоғарғы лигасында ойнайды. Одан әрі сол футболшыларды ұлттық құрамаға қосқымыз келеді. Тәуекелге барып тұрғанымызды түсінемін. Онсыз болмайды. Қыруар қаржы шетелдіктерге емес, өз ойыншыларымызға берілуі керек. Жалпы өз елімізде қалуы қажет. Қазір команда 60 процентке жасақталды»  — деді «Қайсар» футбол клубының директоры Талғат Әбдіғаппарұлы.  

Бұған қоса, клуб басшысы мемлекеттік бюджетке салмақ салмаудың амалдарын да қарастырып жатыр. Қазірдің өзінде демеушілер тауып, келісім жасасуға кіріскен. Алдағы мамырда қалада жаңа стадион қолданысқа беріледі. Сол жерде біраз коммерциялық жобаларды жүзеге асырып, клубты өз шығынын өзі жабатын деңгейге шығаруымыз керек деп сөзін түйіндеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button