
Бокстан Қазақстан құрамасы Испанияда бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізеді, деп хабарлайды sportm.kz.
Оқу-жаттығудан бөлек халықаралық турнирге қатысады.
Отандық боксшылар Аликанте қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиынына қатысып, 3-9 ақпан аралығында «Boxam Elite Tournament» халықаралық турнирінде жұдырықтасады.
Испанияға аттанған құрам төмендегідей:
48 келі: Ернар Қарап, Нұрзат Оңғаров
51 келі: Ернұр Қайрат, Рамазан Нұрлыбаев
54 келі: Бағлан Кенжебек, Ақтілек Орынбасар, Жандәулет Сәрсенбаев
57 келі: Жасұлан Тілеумбек, Ерхан Тұрдан
60 келі: Шыңғыс Мусинов, Бейбарыс Жексен
63.5 келі: Алмат Абдуали, Жандос Қыдыралиев
67 келі: Дулат Бекбауов, Елнұр Сүйінбай
71 келі: Дархан Дүйсебай, Аман Қонысбеков
75 келі: Диас Молжігітов, Мақсат Өтегенов
80 келі: Дәулет Төлемісов
86 келі: Бекнұр Батырбек, Темірлан Мұқатаев, Бекзат Таңатар
92 келі: Мәди Әміров. Нурмагамед Юсупов
+92 келі: Даниял Сапарбай
Әйелдер:
48 келі: Роксана Гасымова
60 келі: Гүлжайна Уббиниязова
70 келі: Бақыт Сейдіш
75 келі: Диана Мағауияева