Спорт Министрі |
ХОККЕЙ

«Барыс» жеңілістер сериясын үзді

Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық команда өз алаңында Новосібір қаласының «Сібір» клубын қабылдап, 4:3 есебімен жеңіске жетті.

«Барыс» сапынан Виктор Антипин мен Никита Сетдиков мергендігімен көзге түсті. Никита хет-триктың авторы атанды. Осылайша елордалық клуб қатарынан 12 жеңілістен кейін қарсыластарын ұтып отыр. Ғалым Мәмбетәлиев жігіттер енді келесі кездесуін 31-ші қаңтарда өткізеді. Омбы қаласында жерігілікті «Авангард» хоккей клубымен жолығады.

Еске сала кетейік, соңғы кезде елордалық клубта үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы отырған бас директоры Борис Иванищев отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне Ғалым Мәмбетәлиев келді. Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, мұз айдынға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button