Спорт Министрі | Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді
БОКСТРЕНДТЕ

Нұрқанат Райыс кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі  Нұрқанат Райыс кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды sportm.kz.

Meta-ratings.kz-тің жазуынша, спортшы ақпан айының 23-і күні Ақтау қаласында айқасқа шығады. 

Ақтау қаласында Нұрқанат Райыстың кәсіпқой рингтегі дебюті өтеді. Бұл 6 раундтық жекпе-жек болады. Қарсыласы ресми түрде кейінірек жарияланады. Қазір Нұрқанаттың кәсіпқой боксқа толық ауысатыны туралы айтуға әлі ерте. Ол әуесқой бокста да өнер көрсетуді жалғастыруы мүмкін, — деді менеджері Жанпейіс Назарғали.  

Нұрқанат Райыс 2022 жылғы Азия чемпионатында күміс жүлде алды. Сондай-ақ, 75 келіде чемпионатының жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button