ҚФФ Президенті УЕФА басшылығымен кездеседі

Қазақстан Футбол Федерациясының (ҚФФ) Президенті 10 ақпан 2025 жылы УЕФА Президенті Александр Чефериннің шақыруымен УЕФА-ның штаб-пәтерінде жеке кездесуге барады, деп хабарлайды sportm.kz.
Бұл маңызды кездесуде қазақстандық футболды дамытуға бағытталған жоспарлар мен жаңа жобалар талқыланады. Сонымен қатар, федерация басшысы ҚФФ-тың құрылымдық реформалары, ұлттық құрамалардың басшылығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік жүйесі бойынша жаңалықтармен бөлісуді жоспарлап отыр.
Қазір мен ҚФФ аудиті және федерацияның ішкі жұмыстарымен танысып жатырмын. 10.02.25 күні УЕФА Президенті А.Чеферин мырзаға өзінің штаб-пәтерінде жеке кездесуге шақырғаны үшін алғысымды білдіремін. Қазақстандағы футболды дамыту жоспарын және жаңа жобаларды талқылаймын жоспарлап отырмын. Сіздермен кездесу нәтижелерін міндетті түрде бөлісіп отырамын, алдағы жұмыс жоспарымды да ұсынамын. Пресс-конференцияда мен ҚФФ және QFL-дағы құрылымдық реформаларды, Ұлттық құрамалардың басшылығы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия және әділ төрешілік туралы жаңалықтармен де бөлісемін, — деп жазды Марат Омаров әлеуметтік желідегі парақшасында.