ҚЫСҚЫ СПОРТТРЕНДТЕХОККЕЙ
«Барыс» тағы да жеңілді

Құрлықтық хоккей лигасының кезекті турында астаналық «Барыс» кезекті рет жеңілді, деп хабарлайды sportm.kz.
Астанада «Локомотивті» (Ярославль) қабылдаған «Барыс»өз қақпасына жауапсыз 3 шайба жіберді.
Матчтың бірінші және үшінші кезеңінде командалар мүлдем гол соға алған жоқ. Тек екінші кезеңде «Локомотив» сапынан Радулов екі рет және Фрэз бір гол соқты.
Өз дивизионында соңғы орында келе жатқан «Барыс» қатарынан 11-матчта жеңіліп отыр. Келесі ойынды елордалық команда 23 қаңтарда өз айдынында «Адмиралға» қарсы өткізеді.