Спорт Министрі | Қызметке оралған чемпиондар
БАСҚАЛАРЫБОКС

Қызметке оралған чемпиондар

Париж Олимпиадасынан кейін ел спортында біршама өзгерістер болып жатыр, деп хабарлайды sportm.kz тілшісі.

Туризм және спорт министрі ауысқаннан кейін еліміздегі спорт басқармаларының басшылары да ауысты.

Олимпиада ойындарының жеңімпазы, Вэл Баркер Кубогының иегері Бақтияр Артаев Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасын басқарады. Ол бұған дейін де мемлекеттік қызметте болған.

Бақтияр Артаев 1983 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Құқықтану», «Менеджмент», Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру және спорт», ҚазТұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандықтары бойынша бітірген. «Құқықтану», «Дене шынықтыру және спорт» магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы «Тараз газ шаруашылығы басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері болып бастаған. 2009-2013 жылдары Жамбыл облысы Айшабибі ауылдық округінің әкімі, Жамбыл облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы, Жамбыл облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2021 жылдары «Астана» Президенттік кәсіпқой спорт клубы» корпоротивтік қорынының президенті, «Тарлан батырлары» ЖШС директоры, «Астана Арланс» ЖШС бас менеджері. 2021-2022 жылдары «Қазақстан бокс федерациясы» қауымдастығының ұлттық командалар үйлестірушісі, вице-президенті, Спорт және дене шынықтыру істері комитеті спортты дамыту дирекциясының бокстан мемлекеттік жаттықтырушысы қызметтерін атқарған.

Елімізде спорт саласының дамуына қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі «Барыс» орденімен наградталған.

Серік Сәпиев —  қазіргі таңда Қарағанды облысының спорт басқармасына басшы болып тағайындалды. Ол да мемлекеттік қызметтен алыс емес. Бұған дейін 2017-2019 жылдары Мәжіліс депутаты, одан кейін екі жыл Туризм және спорт министрлігінің спорт комитетін басқарды. Кейінгі уақытта Ұлттық Олимпиада комитетінің вице-президенті болды.

Халықаралық спорт шебері, «Парасат» орденінің кавалері Серік Сәпиев 2012 жылы Лондонда өткен олимпиада ойынында жеңімпаз болды. Сол жылы Баркер кубогын иеленді. Әуесқой бокстан бірнеше мәрте олимпиада чемпионы атанды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button