ТРЕНДТЕ
«Астана» баскетбол клубы жеңілістен көз ашпады

«Астана» баскетбол клубы биылғы маусымды өте сәтсіз өткізіп жатыр, деп хабарлайды sportm.kz.
Ресейдің ВТБ лигасында ойнайтын қазақстандық команда бұл жолы Қазан қаласының «УНИКС» клубымен кездесті. Татарстан астанасында өткен матчта алаң иелері белсенді болып, айқын басымдық танытты. Қорытынды есеп: 104:57. Астаналық клуб 47 ұпай айырмашылығымен есе жіберіп отыр. Нәтижесінде, 25 турдан кейін «Астана» бірде бір ұпай ала алмай турнир тізіміндегі 12 команда арасында ең соңғы сатыға жайғасты. Глеб Плотников баптайтын жігіттер енді келесі кездесуін өз алаңында өткізеді. 21-ші қаңтар күні елордада Красноярск қаласының «Енисей» баскетбол клубын қабылдайды.