Спорт Министрі | Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде төмендеді
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде төмендеді

Әйелдер теннисі ассоциациясы (WTA) соңғы ойындарды саралап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды sportm.kz.

Рейтинг нәтижесінде Елена Рыбакина 7-ші сатыға төмендеді. Оның орнына, яғни, 6-шы сатыға америкалық Джесика Пегула жайғасты.

Ал, Юлия Путинцева 23-орынға көтерілді. Өткен аптада Аделаида (Аустралия) WTA 500 турнирінің жартылай финалына дейін жеткен Путинцева өзінің жеке рекордын тағы бір жаңартты.

Бір апта бұрын ол 29-дан 25-ке жоғарылап, өзінің спорттық жолындағы үздік көрсеткішіне қол жеткізген еді. Жұптық сында Қазақстанның Анна Данилина 23-тен 22-ге көтерілсе, Жібек Құламбаева бұрынғыша 156-да тұр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button