Қазақ күресінен ерекше форматтағы турнир өтеді

Қазақ күресінен де ел үздіктері Астанаға жиналып жатыр.
Бұнда ұлттық спортымыздан «Дала қырандары» атты ерекше форматтағы жарыс өтті. Ерекшелігі сол оның барысында тек түйе палуандар ғана емес, жеңіл, орта және ауыр салмақтағы жігіттер де өзара мықтыны анықтайды. Бас-аяғы 8 салмақ дәрежесі бар. Республикалық жарысқа рейтинглік турнирлерге тұрақты қатысып, ең жоғары ұпай жинаған 64 палуан ғана қатысады. Олардың қатарынан әлем чемпионаты және өзге де халықаралық жарыстарда жеңімпаз атанып жүрген Бекжан Төлепов, Жұмажан Қожамбеков, Ерсұлтан Мұзаппаров, Алтынбек Аусағитов, Нұрдәулет Жарылғапов және Ерасыл Қажыбаев сияқты спортшыларды көруше болады.
«Дала қырандары» турнирі соңғы жылдары тұрақты ұйымдастырылып жүр. Жоба ұлттық күресіміздің насихатын күшейтіп, Қазақстанның спорттық мұрасын сақтауға және ілгерілетуге көмектеседі дейді мамандар.