Спорт Министрі | Шавкаттың келесі қарсыласы қызу дайындыққа кірісті
БАСҚАЛАРЫММА

Шавкаттың келесі қарсыласы қызу дайындыққа кірісті

Жартылай орта салмақта UFC чемпионы американдық Белал Мухаммад UFC-дің жеңіл салмақтағы бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтің жаттығу лагерінде дайындығын пысықтап жатыр, деп хабарлайды sportm.kz.

Белал биыл отандасымыз Шавкат Рахмоновпен кездесуде чемпиондық атағын қорғауы тиіс. Әзірге бұл жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны белгіленген жоқ. Шавкат пен Белал былтыр желтоқсанда кездесуі керек еді, алайда американдық жарақатына байланысты бұл жекпе-жектен бас тартты. UFC Шавкатқа қарсылас ретінде ирландиялық Иэн Гэрриді беріп, бұл жекпе-жекте қазақ файтері жеңіске жетті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button