
Дәл қазір Канаданың Оттава қаласында шайбалы хоккейден 20 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Сергей Старыгин баптайтын қазақстандық жігіттер алғашқы күні Швеция командасымен кездесіп, 1:8 есебімен жеңілді.

Артынша Чехия құрамасымен жолығып, 2:14 есебімен ұтылды. Айта кету керек, Чехия хоккейшілері алты секундта екі шайба соғып, әлем чемпионатындағы рекордты қайталады. Ал, Қазақстан құрамасы болса, өз қақпасына ең көп шайба жіберген командалардың бірі атанып отыр.

Әлем чемпионаты әлі де жалғасып жатыр. Қазақстан құрамасы енді бүгін Словакия жігіттерімен жолығады. Ал, ертең Швейцарияға қарыы матч күтіп тұр. Оттава қаласындағы әлемдік аламанның жалпы қорытындысы 5-ші қаңтарда белгілі болады.