Спорт Министрі | Қазақстан-Австрия матчына дайындық
ФУТБОЛ

Қазақстан-Австрия матчына дайындық

Футболдан Ұлттық құраманың жігіттері Алматы қаласына жиналды. Қазақстандық жігіттер УЕФА Ұлттар лигасы аясында бүгін, яғни, 14-ші қарашада Австриямен кездеседі.

Осыған байланысты ресейлік маман Станислав Черчесов 27 футболшыны жаттығу жиынына шақырды. Алайда, олардың арасында жартылай қорғаушы Рамазан Оразов жоқ. Дания чемпионатында доп тебетін жерлесіміздің құрамадан сырт қалғаны түсініксіз. Бұған қоса,  ескерту қағазының көптігіне байланысты алдағы ойынға Нұралы Әліп пен Ислам Чесноков қатыса алмайды.

Қазазқстан-Австрия матчынан кейін, яғни, араға 3 күн салып ұлттық құрама сырт алаңда Норвегия командасымен жолғады және бұл топтық кезең аясындағы соңғы матч болмақ.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейінгі 4 ойында бір ғана ұпай жинап,  өз тобының ең соңғы сатысына жайғасты. Біздің жігіттер қарсыластар қақпасына әлі бірде-бір гол соққан жоқ. Жалпы тізімде Норвегия бірінші тұр. Одан кейін Австрия мен Словения келеді. Барлығында да 7 ұпайдан.

Басқа жаңалықтар

Back to top button