Спорт Министрі | Шавкат Рахмонов пен Камару Усман кездеседі
ММАТРЕНДТЕ

Шавкат Рахмонов пен Камару Усман кездеседі

Шавкат Рахмонов пен Камару Усман 7 желтоқсан күні UFC 310 турнирінде уақытша белбеу үшін жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы CBS News және Yahoo Sports тілшісі Рубен Картер өзінің X әлеуметтік парақшасында жариялады.

Шавкат журналист Ариэль Хельваниге берген сұхбатында UFC 310 аясында өзімен айқасқа басты үміткер ретінде дәл осы Усманды атаған. Жерлесіміз уақытша атаққа таласуға дайын екендігін жеткізді. Оның промоутері Саят Әбдірахманов та UFС-дің Камарумен келіссөздер жүргізіп жатқанын растады.

«Қарсылас бар сияқты, бірақ бәрі UFC-ге байланысты. Мен қай-қайсысына да дайынмын. Егер Усманды берсе, екеуара айқас қызықты өтеді деп ойлаймын.Усман да қарсы емес секілді. Екеуміз де боспыз. Рейтинг бойынша бір-бірімізге келеміз. Титулдық айқасты күтеміз!» — деді Шавкат Рахмонов. Енді Дана Уайттың ресми мәлімдемесін күту ғана қалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button