Спорт Министрі | «Барыс» турнир тізімінде көтерілді
ХОККЕЙ

«Барыс» турнир тізімінде көтерілді

«Барыс» соңғы 5 ойында 8 ұпай жинап, турнир тізімінде бір саты жоғарылады. Құрлықтық хоккей лигасында өнер көрсететін астаналық клубта үлкен өзгерістер болып жатыр. Ұзақ жылдар бойы таптжылмай отырған бас директоры жуырда отставкаға кетті. Оның орнына Нұрлан Оразбаев тағайындалды. Ал, бас бапкер қызметіне Ғалым Мәмбетәлиев келді.  Ол командадағы бірнеше легионермен қош айтысып, ойынға жергілікті ойыншыларды көбірек шығарып жүр. Соның арқасында 5 матчтың 2-еуінде жеңіске жетті. 2-еуінде тең түсіп, ойын тағдыры булиттер сериясында шешілді.

Сондай кездесулердің бірі кеше Астанада болды. Бұнда Қазан қаласының Ақ браыс» командасы келген болатын. Бірінші кезеңде ресейлік клуб есеп ашса, үзілістен соң «Барыс» сапындағы Аңсар Шайхмедденов таразы басын теңестірді және бұл нәтиже ойын соңына дейін өзгермеді. Қосымша уақытта да ештеңе шешілмеді. Ал, матч соңындағы буллиттер сериясында «Ак Барстың» жолы болды.

Енді елордалық клуб келесі кзедесуін 7-ші қарашада өткізеді. Бұл жолы бұнда Екатеринбург қаласының «Автомобилист» командасы келеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button