
Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі 22 ақпанда өтетіні белгілі болды. Бокс кеші Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтеді.
Спорттық инсайдер Майкл Бенсон промоутер Фрэнк Уорренмен сөйлескеннен кейін, Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі орта салмақтағы чемпиондық титул үшін өтетінін хабарлады. Дегенмен, нақты қарсылас әлі белгісіз.
Алайда, Шираздың командасы қазір Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО)мен келіссөздер жүргізіп жатқанына байланысты, бұл жекпе-жек дәл осы екі боксшының арасында өтетіні болжануда.
«Фрэнк Уоррен Хамза Шираздың келесі жекпе-жегі 22 ақпанда Эр-Риядта чемпиондық титул үшін болатынын айтты. Бірақ, жекпе-жек Жәнібек Әлімханұлына қарсы бола ма, әлде басқа чемпионмен бола ма, ол жағын айтпады», – деп жазды Бенсон X әлеуметтік желісінде.15:00