Спорт Министрі | Әлем чемпионатын қабылдауымыз мүмкін
БОКСТРЕНДТЕ

Әлем чемпионатын қабылдауымыз мүмкін

Бокстан 2027 жылғы әлем чемпионаты Қазақстанда өтуі мүмкін. Бұл жөнінде де АҚШ-тың Колорадо-Спрингс қаласында өткен WORLD BOXING ұйымының конгресінде белгілі болды. Біздің елде Лос-Анджелес олимпиадасы алдындағы лицензиялық әлемдік аламанды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жаңадан құрылған халықаралық бокс федерациясының нақты шешімі жақын күндері шығады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшылар биыл алғаш рет WORLD BOXING ұйымының жарысына қатысты. Бірер апта бұрын АҚШ-тың Пуэбло қаласында 19 жасқа дейінгілер арасындағы әлем чемпионаты өткен болатын. Оған 4 бірдей былғары қолғап шебері аттанды. Араларынан Асылхан Көшербай мен Даниял Райымбеков күміс жүлдегер атанды. 65 келіде өнер көрсеткен Асылхан Чехия, АҚШ және Украина боксшыларынан басым түсіп, финалда Аустралия спортшысынан ұтылды. Ал, 85 келідегі Даниял жартылай финалда Оңтүстік Корея өкілін жеңді. Ал, финалда Уэльс спортшысынан жеңілді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button